Бағдарламаларға тегтер тағайындау

Бағдарламаға тегтер тағайындау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Операциялар → Үшінші тарап бағдарламаларыБағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз.
  2. Тегтерді белгілеу қажет бағдарламаны таңдаңыз.
  3. Тегтер қойыншасын таңдаңыз.

    Қойыншада Басқару серверінде бар барлық бағдарлама тегтері пайда болады. Таңдалған бағдарламаға тағайындалған тегтер Тег белгіленді бағанындағы жалаушалармен белгіленеді.

  4. Тағайындау қажет тегтер үшін Тег белгіленді бағанындағы жалаушаларды қойыңыз.
  5. Өзгерістерді сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Бағдарламаға тегтер белгіленді.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бағдарламаларды басқару

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу